Жалғыз досым алыстасың менен сен
Жалғызсырап түсті бүгін өр еңсем
Жас балаша қуанушы едім мен
Көздерің нұр шуағына бөленсе
Қиналдым мен бірақ сендей кім ұқсын
Өзің ғана мейірбансың, тұнықсың
Өмір - ашшы, өне бойым
Өне бойым сыздайды
Өз жарасын жүрек қалай
Жүрек қалай ұмытсын
Ойлаймын мен, ой мен кейін шегінсе
Иығыңа басым қойып егілсе
Жұбатар ем, бір ақылды сөз тауып
Тіршілікке талпындырар едің сен
Қиналдым мен бірақ сендей кім ұқсын
Өзің ғана мейірбансың, тұнықсың
Өмір - ашшы, өне бойым
Өне бойым сыздайды
Өз жарасын жүрек қалай
Жүрек қалай ұмытсын
Өз жарасын жүрек қалай
Жүрек қалай ұмытсын