menu-iconlogo
huatong
huatong
avatar

Қыз Қиялы

Дана Кентайhuatong
puddicombehuatong
Lirik
Rakaman
Өмір жайлы салсам ән

Ақ пен қара кезекте

жолдарымның шолағы

Әрбір жанның аңсаған

Жүрегінде жасырған армандары болады талай

Шалқиды күй әнім

Қанатты қиялым

Бойыма қуат береді

Табылса жол сара

Бір сәтке болсада

Арманыма қолымды жеткізгім келеді

Гүлдей жайнап тұрғым келеді

Күндей жайнап күлгім келеді

Самал жел боп байтақ даламда

Еркін ойнап жүргім келеді

Әппақ қар боп жауғым келеді

Құс боп ән салғым келеді

Аспандағы айға еркелеп

Жұлдыз болып жанғым келеді

Армандарым шіркін болса мүмкін орындалар қиялымның бәрі бір күн

Жылдар өтер кезекпен

Ертеніме жол ашқан өмірімнің шаттығы

Сырлар ұшқан өзектен

Әуенімен жарасқан көңілімнің аққуы талмай

Бауырмал ел үшін

Өңердің кеңі үшін

Аялап мені тербейді

Тартуы тағдырдың

Ғажайып әрбір күн

Арманымның лаулаған жалыны сөнбейді

Гүлдей жайнап тұрғым келеді

Күндей жайнап күлгім келеді

Самал жел боп байтақ даламда

Еркін ойнап жүргім келеді

Әппақ қар боп жауғым келеді

Құс боп ән салғым келеді

Аспандағы айға еркелеп

Жұлдыз болып жанғым келеді

Армандарым шіркін болса мүмкін орындалар қиялымның бәрі бір күн

Армандарым шіркін болса мүмкін орындалар қиялымның бәрі бір күн

Lebih Daripada Дана Кентай

Lihat semualogo