Тербетіп жүрегімді сезім гүлдей
Сүйдім мен неге екенің өзім білмей
Сырласып аспандағы ай жұлдызбен
Түніммен сені ойлаймын көзімді ілмей
Сырласып аспандағы ай жұлдызбен
Түніммен сені ойлаймын көзімді ілмей
Нұр шашып бүгін маған
Жұлдыздар жымыңдаған
Ұйқымды түн ұрлаған
Аңсатпай келші жаным
Айтылмас сенсіз әнім
Қолыма қоншы бағым
Келмейді бір өзіңсіз таң атырғым,
Ай жүзің арайланып дара тудың
Жаным-ау сенің мөлдір жанарыңды
Іздеймін аспанымнан қара түннің
Жаным-ау сенің мөлдір жанарыңды
Іздеймін аспанымнан қара түннің
Нұр шашып бүгін маған
Жұлдыздар жымыңдаған
Ұйқымды түн ұрлаған
Аңсатпай келші жаным
Айтылмас сенсіз әнім
Қолыма қоншы бағым
Нұр шашып бүгін маған
Жұлдыздар жымыңдаған
Ұйқымды түн ұрлаған
Аңсатпай келші жаным
Айтылмас сенсіз әнім
Қолыма қоншы бағым
Сен едің таусылмайтын айдын жырым,
Ұқсаттың дидарыңнаң майдың гүлін
Бейнеңнің сәулесі ме деп ойлаймын,
Төгілген тереземнен айдын нұрың
Бейнеңнің сәулесі ме деп ойлаймын,
Төгілген тереземне айдын нұрың
Нұр шашып бүгін маған
Жұлдыздар жымыңдаған
Ұйқымды түн ұрлаған
Аңсатпай келші жаным
Айтылмас сенсіз әнім
Қолыма қоншы бағым
Сыр айтып далам маған
Мақпал түн манаураған
От сезім алаураған
Келер деп, алаңдадым
Тезірек орал жаным,
Сағындым жан арманым