menu-iconlogo
huatong
huatong
avatar

Сізді күттім

Әлия Әбікенhuatong
𝙎𝙖𝙡𝙩𝙖𝙣𝙖𝙩🇰🇿huatong
Тексты
Записи
Әні: Қожақұлов Нұрбол

Сөзі: Саят Әбенов

Сізді күттім көз ілмей күн батсада

Жүрегімде бір түйір мұң жатсада

Сізді күттім жылаған жанарымды

Самал желі үміттің кұрғатсада

Сағыныппын сарғайып үздігіппін

Шуағына шомылып ізгіліктің

Көктемменен келер деп күтіп едім

Көктем үнсіз келген соң күзді күттім

Аманаттап жаныма табыстаған

Пәк сезімді кірлетпей сізді күттім

Аманаттап жаныма табыстаған

Пәк сезімді кірлетпей сізді күттім

Сізді күттім жанымның желкенісі

Күте бере әліде ерке құсын

Сізді күттім жүрсізбе сізде күтіп

Өзгелердің естімей ертегісін

Сағыныппын сарғайып үзігіппін

Шуағына шомылып ізгіліктің

Көктемменен келер деп күтіп едім

Көктем үнсіз келген соң күзді күттім

Аманаттап жаныма табыстаған

Пәк сезімді кірлетпей сізді күттім

Аманаттап жаныма табыстаған

Пәк сезімді кірлетпей сізді күттім

Аманаттап жаныма табыстаған

Пәк сезімді кірлетпей сізді күттім

Аманаттап жаныма табыстаған

Пәк сезімді кірлетпей сізді күттім

Еще от Әлия Әбікен

Смотреть всеlogo