menu-iconlogo
huatong
huatong
avatar

Айлы түн

Ақылбек Жеменейhuatong
🌤🌤⛅AMAL.AKTAU⛅🌤🌤huatong
Тексты
Записи
Ашық еді көгілдір аспан

Көл бетіне ай нұрын шашқан

Жағада толқып, шағала қалқып

Біріне-бірі жарасқан

Бақта Бұлбұл әнге салады,

Сыбдыр қағып сулар ағады.

Аққан бір судай өмірде зулай,

Байқамай өтіп барады.

Сен келмедің сол бір түндерде

Мен сырымды айттым әсем күндерге.

Жағаға келем сағынғанда сені

Сырласамын самал желмен түндерде.

Толқынменен тербеліп қайық

Ақ желкенің өзіңе лайық

Махаббатымсыз отырмын жалғыз

Күн жаққа қарап мұңая

Жұлдыздар қарап жымыңдасқан

Биік таулар көкпен таласқан

Айнала жарық көрінген анық,

Айлы түн қандай тамаша

Сен келмедің сол бір түндерде

Мен сырымды айттым әсем күндерге.

Жағаға келем сағынғанда сені

Сырласамын самал желмен түндерде.

Мен күтемін бұл түнде сен келмейсің бірақ

Сағынамын сені кетіп қалдың жырақ

Күндіз де түнде де ойымда жалғыз сен

Жалынды отыммен сүйемін сені мен

Сен келмедің сол бір түндерде

Мен сырымды айттым әсем күндерге.

Жағаға келем сағынғанда сені

Сырласамын самал желмен түндерде.

Сен келмедің сол бір түндерде

Мен сырымды айттым әсем күндерге.

Жағаға келем сағынғанда сені

Сырласамын самал желмен түндерде.

Еще от Ақылбек Жеменей

Смотреть всеlogo