menu-iconlogo
huatong
huatong
avatar

Лебізің cover (Arina)

Арина Arihuatong
✯🃏𝑨𝑹𝑰𝑵𝑨🇰🇿✯huatong
Тексты
Записи
Сенсіз өмірді мүлде ойлай да алмаймын,

Жүрегімнің әні сен едің.

Сенсіз жаным жабырқап қалған жандаймын,

Тыным бермей қойды неге мұң?

Жапырақтар түсіп жатыр жауып жер бетін,

Үмітімдей кейде үзілген.

Көз алдымда кетпей қойды сенің келбетің,

Бақытымды көрдім жүзіңнен.

Сенсің күнім, сенсің таң нұрым,

Сенсің бағым, сенсің бар мұңым.

Ай да, күн де өтті көңілсіз,

Сені аңсап асау тағдырым.

Айлар асып, жылдар өтті қағып қанатын,

Алыстады неге арамыз?

Тылсым күш жоқ мені саған алып баратын,

Енді біздер арман ғанамыз.

Аққу қаздар көл бетінде қалқып барады,

Сағыныштың салып өрнегін.

Жұмбақ сезім мен өзіңе тартып барады,

Лебізіңе жаным, шөлдедім.

Сенсің күнім, сенсің таң нұрым,

Сенсің бағым, сенсің бар мұңым.

Ай да, күн де өтті көңілсіз,

Сені аңсап асау тағдырым.

Сенсің күнім, сенсің таң нұрым,

Сенсің бағым, сенсің бар мұңым.

Ай да, күн де өтті көңілсіз,

Сені аңсап асау тағдырым.

Еще от Арина Ari

Смотреть всеlogo
Лебізің cover (Arina) от Арина Ari - Тексты & Каверы