Өзiңнен қалсам кезiгiп
Ғажайып бiр күй туатын
Екеумiз ғана сезiнiп
Екеумiз ғана ұғатын
Екеумiз ғана ұғатын
Айтуым керек болса да
Сөз табу қиын мұндайда
Айым-ау менi қинамай
Айтқызбай бiлсең болмай ма
Алаулап нұрың, жүзiң де
Ботадай көзiң мөлдiреп
Шарқ етер қалған кезiңде
Кетедi жаным, кетедi жаным елжіреп
Наздана күлсең сыңғарлы-ай
Жадырап шамың жанады
Жаңбырдан соңгы қырлардай
Дүние кетер жаңарып
Дүние кетер тазарып
Айтуым керек болса да
Сөз табу қиын мұндайда
Айым-ау менi қинамай
Айтқызбай бiлсең болмай ма
Алаулап нұрың, жүзiң де
Ботадай көзiң мөлдiреп
Шарқ етер қалған кезiңде
Кетедi жаным, кетедi жаным елжіреп