Биік таудың басында,
Бал қарағай ай...
Ауылым көшіп барады,
Көл жағалай ал құрбым.
Жолы қиын жұмбақ тағдырдың!
Көшіп ауылың кеткенде,
Таудан асып ай...
Болар екен тағдырың,
Әлде қалай ал құрбым,
Қимасыңды қайда қалдырдың?
А ХАУ...
Қимасыңды,қимасыңдай ал құрбым!
Қимасыңды қайда қалдырдың?
Көшкен бұлттай ауылың,
Бел асқанда ай...
Жарқырасын жұлдызың.
Көк аспанда ал құрбым,
Жолы қиын жұмбақ тағдырдың.
Биік таудың тұманы,
Қалың кемер ай...
Тап болғайсын сені іздей.
Адасқандай ал құрбым,
Қимасыңды қайда қалдырдың?
А ХАУ...
Қимасыңды,қимасыңдай ал құрбым!
Қимасыңды қайда қалдырдың?
А ХАУ...
Жолы қиын,жолы қиын ал құрбым!
Жолы қиын жұмбақ тағдырдың.
Жанымда бол!
Жанымда бол!
Бол жанымда ал құрбым!
Тар жолында жұмбак тағдырдың!
Қанатында қалқып ән жарады..