Оранды өзіңді ойлап жан алауға,
Сан қырды сағынышым аралауда.
Теңіздің тәуекелін кешсем бе екен,
Сен жүрген жету үшін жағалауға.
Табайын жолын қалай?!
Ұмытам бәрін де оңай,
Жаным қалай?!
Жүректің бағынамын қалауына,
Бұйрығын ақылымың орындамай!
Орындамай
Мың күмән, бір үмітпен күн кешермін,
Сағыныш самалымен бірге есермін.
Кездесіп қалсақ егер бір күндері,
Үндемей жанарыңмен тілдесермін.
Табайын жолын қалай?!
Ұмытам бәрін де оңай,
Жаным қалай?!
Жүректің бағынамын қалауына,
Бұйрығын ақылымың орындамай!
Орындамай
Көз жұмып еріксізден бәріне біз,
Алдамшы бақыт келер әлі де жүз.
Бәрібір боп қаламыз сен екеуміз,
Ғашықтар - әні де егіз, жаны да егіз!
Табайын жолын қалай?!
Ұмытам бәрін де оңай,
Жаным қалай?!
Жүректің бағынамын қалауына,
Бұйрығын ақылымың орындамай!
Орындамай