1. Үшқоңыр Алатаудың қойнауында, 
Әкемнің ізі қалған жайлауыңда, 
Қасқасу гүр-гүр тасып, гүлі еркелеп, 
Арқардың жайылатын аймағында. 
Қ-сы: 
Ай, Үшқоңырым, туған жерім, 
Рахым нұры тұнған жерім, 
Ай, Үшқоңырым, тал бесігім, 
Жүрегімде мәңгі есімің. 
2. Бұл жерде тарих сырдың сыбдыры бар, 
Бабалар тұлпарының дүбірі бар, 
Бұл жерде Жамбыл-“Жәкем” өлең айтқан 
Өнердің, ақындықтың тұғыры бар. 
3. Шыңдарың Төле бидің қалпағындай, 
Жазира жасыл әлем алқабыңды-ай, 
Жуасы, қарақаты, бүлдіргені 
Әжемнің шекер қосқан талқанындай. 
4. Көрінер сонадайдан анық маған, 
Шыңында қырандары қалықтаған, 
Самғаған қыранына құмар қылып, 
Өсірген ұландарын алып далам. 
4.8 
Рейтинг поста 
Поделиться: