menu-iconlogo
huatong
huatong
avatar

Kalai Karaisyn

Ninety Onehuatong
fourfor4huatong
Тексты
Записи
ALEM

Бір көргеннен бері

Сақталды бейнең есте,

Күндер өтеді

Күте, күте..

BALA

Күтемін сенің маған деген сезімдеріңді,

Күтемін сені маған дереу белгі бер енді,

Күтемін сені, енді келесі амалым не?

Маған жауабын бер, маған жауабын бер!

ACE

Тапталып жүрегім кеудем өртенуде

Мен аттанып жүремін сенің әлеміңе

Қарашы бері (бері), сезімге

еніп (еніп), орашы мені (мені).

Қайырмасы:

Жүрегім сені таңдады, (Yeah..)

Күтуге тағат қалмады (Yeah..)

Армандап таңым атады, кел!

Өзіме сені тартамын мен...

(Woah..) Қалай қарайсың?

A.Z

Кел мұнда дейм(ін),

(Hey baby), бері бері

Тең келмейтін неткен сен керім едің

Мен бүгіннен бастап енді дәмеленем(ін)

ертегіні бастауға (Aw..)

Қара, жүрегіңді тез арада

алам(ын) аулап, иә, мен

сондай жаман бала болам(ын)

Қауіпті алып алатынын алып, кетпесе

болмайд(ы) бұған қалай қарайсың (А?)

ZaQ

Менің күмәнім бар, мені бұл түні

сен қаламайтыныңа күмәнім бар

Кінәләма, сенің қызыңды мен

жаулап алам(ын), мені кінәләма,

қалай қарайсың а? (Ra..)

Олардың көздері жанып тұрады

(неге?) жауабы анық сұрақ! (Aw..)

A.Z

Hey, таң қалма аруларың

жатқанда мені сұрап

Менің суретімді түнде армандап

жатады олар құшағына орап

(Woah..) Қалай қарайсың? Білем(ін),

көре алмайсың менің дәрежемді

Терең дем ал, терең дем ал:

Тіпті тығылып тыңдайды

мені сенің әжең де (Pow!)

ZaQ

(Wow wow wow) Cенің денең елеңдеген

бұл әуенге лап лаулауда,

Мойында, сенің ойыңды оп

оңай оқығаным (і і) баурауда,

Сенің иісің менің мұрныма тиісіп,

(Scrt..) мені өзіңе байлауда

Дереу кел бері, тербеле, мен шыдай

алмайм(ын), әйтпесе, менің...

ALEM BALA

Тапталып жүрегім кеудем өртенуде

Мен аттанып жүремін сенің әлеміңе

Қарашы бері, сезімге еніп, орашы мені.

ACE

Тапталып жүрегім кеудем өртенуде

Мен аттанып жүремін сенің әлеміңе

Қарашы бері (бері), сезімге

еніп (еніп), орашы мені (мені).

Қайырмасы:

Жүрегім сені таңдады, (Yeah..)

Күтуге тағат қалмады (Yeah..)

Армандап таңым атады, кел!

Өзіме сені тартамын мен...

(Woah..) Қалай қарайсың?

Еще от Ninety One

Смотреть всеlogo