Жаным,
Бір көріп ғашық болдым саған.
Жүрегімде от жалындаған,
Менің жанымнан кетпеші мен сенен сұранам.
¹ Неге?
Қасыңа сенің бара алмаймын.
Түсімде көріп аймалаймын,
Көкейімнен кетпей қойды-ау нұр бейнең ән болып.
Жанымнан кетпеші, мен сенен сұранам,
Жанымнан кетпеші, сен!
Жанымнан кетпеші, мен сенен сұранам,
Жанымнан кетпеші, сен!
² Айтшы,
Басыма қонған бағымсың ба?
Арайлап атқан таңымсың ба?
Енді жанымнан кетпеші мен сенен сұранам.
Неге?
Қасыңа сенің бара алмаймын.
Түсімде көріп аймалаймын,
Көкейімнен кетпей қойды-ау нұр бейнең ән болып.
Жанымнан кетпеші, мен сенен сұранам,
Жанымнан кетпеші, сен!
Жанымнан кетпеші, мен сенен сұранам,
Жанымнан кетпеші, сен...
[TME_24]