Тамаша той думанмен таң атырсан
Сол кезде жаныңда әсем жан отырса
Тамаша жексенбі күн көл басында
Тұнықтан балық аулап бала отырса
Тамаша жексенбі күн көл басында
Тұнықтан балық аулап бала отырса
Тамаша тойлы ауылдың түнін көрсен
Түнде сол айдай сұлу теңін берсе
Тамаша достарыңмен дала кезіп
Торқалы туған жердің гүлін терсен
Тамаша достарыңмен дала кезіп
Торқалы туған жердің гүлін терсен
Тамаша қырдан қызыл түлкі ауласан
Түлкіге құмай қосып қиқулатсан
Тамаша қанжығаңды қандап қайтсан
Тамаша соның бәрі мүмкін болса
Тамаша қанжығаңды қандап қайтсан
Тамаша соның бәрі мүмкін болса
Тамаша жүрегіңді қыстамаса
Таршылық жан жағыңнан қыстамаса
Тамаша, тамаша емес бірақ та ол
Бір мезгіл кетпен күрек ұстамасан
Тамаша, тамаша емес бірақ та ол
Бір мезгіл кетпен күрек ұстамасан