Анашым ақ бұлағым
Бал ғұмырдың таттым нәрін
Сыйладың өміріме
Шуақ тарай шаттық әнін
Кең жайған керегемді
Тәрбиеңде бөлек енді
Есіме сақтап келем
Өшірместен өнегеңді
Асыл Анам шуағым
Жаққан өмір шырағын
Қуанамын өзің барда жұбанамын
Асыл Анам шуағым
Жаққан өмір шырағын
Қуанамын өзің барда жұбанамын
Ойлаған бала қамын
Ақ мақтадай алақаның
Әніммен өзіңе Апа
Жан жылуын таратамын
Көрсеттің сүйіп үлгі
Сағынамын пейіліңді
Болалмас айда күнде
Дәл өзіңдей мейірімді
Асыл Анам шуағым
Жаққан өмір шырағын
Қуанамын өзің барда жұбанамын
Асыл Анам шуағым
Жаққан өмір шырағын
Қуанамын өзің барда жұбанамын
Қуанамын өзің барда жұбанамын