Төніп турса төбемде күн
Демімбе деп елеңдедім
Қою түнгі қара көздең
Моншақтарын сен емдедің
Бәлкім сенде ойлайсын ба
Тұнық сырға бойлайсын ба
Айдан жолдап сәлемінді
Бір серпілтіп қоймайсың ба
Тыныштық бер жүрегіме
Құлак аспа тілегіме
Сезім шоқты тығып қойған
Жұмыр жердің жүрегіне
Күліп келем күлкім емес
Тек әйтеуір сылқым елес
Сені ойдан арылтпақпын
Бірақ әттең, бірақ әттееең мүмкін емес ....
Ару айдың қанатынан
Тұман мұңдар таратылған
Сәулем менің қайда жүрсің
Қарша бұлттан жаратылған
Самал желмен тербейсің бе
Ыстық күнмен емдейсің бе
Сені іздеуден тұншыгамын
Желгеее мініп келмейсін бе
Тыныштық бер жүрегіме
Құлак аспа тілегіме
Сезім шоқты тығып қойғаан
Жұмыр жердің жүрегіне
Күліп келем күлкім емес
Тек әйтеуір сылқым елес
Сені ооойдан арылтпақпын
Бірақ әттең, бірақ әттееең мүмкін емес
Бірақ әттең, бірақ әттееең мүмкін емес .....