menu-iconlogo
huatong
huatong
avatar

Аққуым менің

Қуандық Рахымhuatong
✧⚚ℝ𝕆𝕃𝔸ℕ⚚✧huatong
เนื้อเพลง
บันทึก
«Аққуым менің»

1.Тағдырым мынау, таңдарды сенсіз атырдым,

Ұмытамын деп өршітіп алдым отымды.

Жаным-ау сен де келместі күтіп жүрмісің?

Жас жүрегіңе тұмар қып жазып атымды.

қ/сы: Жетейін десем, жете алмай,

Жүрген жоқпын ба-ай?

Сүйкімді едің, періште едің, пәк едің,

Аңсадым ғой, қайда жүрсің әдемі-ау, әдемім!

2.Толқыттың мені, есіме түстің, тербедің,

Алтыным менің, қадірін білмес сен менің.

Кешірші жаным, оралмас қайта көктемді,

Кешірші мені, жоғалтқан өмір өрнегін.

қ/сы: Жетейін десем, жете алмай,

Жүрген жоқпын ба?

Сүйкімді едің, періште едің, пәк едің,

Аңсадым ғой, қайда жүрсің әдемі-ау, әдімімм!

қ/сы: Аққуым менің, ақ гүлім едің, ғашығым менің,

Асылым едің, қиялым менің, ұяңым едің,

Аяулы арманым.

Жетейін десем, жете алмай,

Жүрген жоқпын ба-ай?

Сүйкімді едің, періште едің, пәк едің,

Аңсадым ғой, қайда жүрсің әдемі-ау, әдемім!

Аңсадым ғой, қайда жүрсің әдемі-ау, әдемім!

[by ELRO]

เพิ่มเติมจาก Қуандық Рахым

ดูทั้งหมดlogo