menu-iconlogo
huatong
huatong
avatar

коштаспайыкшы

muraaskarhuatong
៚𝑀𝑢𝑟𝑎𝐴𝑠𝑘𝑎𝑟﹏✍huatong
เนื้อเพลง
บันทึก
Жанармен жүрек толық мұңды енді

Қоштасу үшін жолыққым келді

Сүйесіңбе сен, сүймейсің бе әлде

Қоштаспас бұрын соны ұққым келді

Қысылып жаным езілейін бе

Әлде көңілге сезілейін бе

Мұңды жанарды қара бұлт қылып

Көріспес үшін кезігейін бе

Мұңды жанарды қара бұлт қылып

Көріспес үшін кезігейін бе

Көктемгі күндей нұр шашайықшы

Көңілден мынау мұңды ашайықшы

Бақытты болып қалғымыз келсе

Қоштаспайықшы, сырласайықшы

Қысылып жаным езілейін бе

Әлде көңілге сезілейін бе

Мұңды жанарды қара бұлт қылып

Көріспес үшін кезігейін бе

Мұңды жанарды қара бұлт қылып

Көріспес үшін кезігейін бе

Қанаты сынған аққуымсың сен

Жайқалған әсем бақ гүлімсің сен

Қоштасқым келмей тұрмын өзіңмен

Балдан да тәтті, тәтті мұңсың сен

Қоштасқым келмей тұрмын өзіңмен

Балдан да тәтті, тәтті мұңсың сен

Қоштасқым келмей тұрмын өзіңмен

Балдан да тәтті...

Қоштаспайықшы, сырласайықшы

เพิ่มเติมจาก muraaskar

ดูทั้งหมดlogo