Саған мен айта алмадым
Атыңды қайталадым
Жасырдым сезімімді мен
Айтуды жөн көрмедім
Өзіңді тең көрмедім
Жандырдың өзегімді сен
Сүйгенің бар екенін
Өзгеге жар екенін
Сезілді көздеріңнен
Сондада бір көруге асығамын
Қаласаң қасыңдамын
Сағындым
Жүзіңді көріп қана басыламын
Сезімді жасырамын
Бағындым
Амалсыз қайта бардым
Деп ойлап айталамын
Тағыда үнсіз қалдым мен
Сезбедің сүйгенімді
Ішімнен күйгенімді
Қарамай кетебардың сен
Келмейсің білемін мен
Ала алмай жүрегімнен
Қызғандым сүйгеніңнен
Сондада бір көруге асығамын
Қаласаң қасыңдамын
Сағындым
Жүзіңді көріп қана басыламын
Сезімді жасырамын
Бағындым