"Үндеме"
Жан білмейтін мұңынды
Досыңа айтқан сырыңды
Басқа адамнан естисің ертеңіне
Ешкімге сыр алдырма
Дос боп жүріп алдыңда
Айтар кейін артыңнан ертегілер
Үндеме
Айтасың кімге не?
Сыр сақтай алмайтын
Жандарға дым деме
Үндеме
Боп қалса бірдеңе
Сөзіңді қолданар
Басқаша мүддеде
Түш
Үндеме
Жақын тартқан адамың
Ойнақшытып жанарын
Отырады мін іздеп әңгімеңнен
Кейбір достар сатпайды
Сырларыңды жаттайды
Басу үшін соңында жанды жерден
Үндеме
Айтасың кімге не?
Сыр сақтай алмайтын
Жандарға дым деме
Үндеме
Боп қалса бірдеңе
Сөзіңді қолданар
Басқаша мүддеде
Түш
Үндеме
[by DIKOSH]