menu-iconlogo
huatong
huatong
avatar

Қош енді жаным [TME_24]

Шыңғыс/Smittyhuatong
62170454398huatong
بول
ریکارڈنگز
Қарап тұрып менің сезімсіз көздеріме,

Мен сияқты енді, күйініп тұрсың сенде.

Дүние алма-кезек екен расында,

Тырыспа! Сенбеймін сенің көзжасыңа.

Қайталаймын сені ұмытқам,

Сенімен болғанша өлгенім артық жалғыздықтан.

Жылама! Өткен күндер қайта оралмайд,

Шешіміңнің нәтижесін ештеңе түзей алмайд.

Махаббатым болды кіршіксіз,

Сен мені ұмыттың ал мен шегіндім еріксіз.

Уақыт өте менен жақсыларын таба алмай,

Оралдың! Ал мен сені енді сүйе алмайм.

Мен білем, сен мүлдем күтпедің мұндайды,

Менің жүрегім сатқындықты кешіре алмайды.

Қош енді, жаным менің,

Бақытымын өзгенің.

Жүрегіңде мәңгілікке қалады есімім,

Біз бірге емеспіз енді, бұл сенің шешімің.

Қош енді, жаным менің, жіберші өтінем!

Екі жанарым суық, бірақ іштей күйем.

Бұл менің шешімім, тағдырым шешілді,

Мәңгіге бірге боламыз деген жүрек шегінді.

Артық сөз, қол-аяқтың қажеті жоқ бұл жерде,

Бастысы көңілім қалды, бақытты бол, қам жеме!

Енді кездеспейді жігіт мендей,

Жүре бер айтылған сөздеріме сенбей.

Міндетті емеспін сенің алдыңда жорғалауға, дұрыс па?

Менімен ұрысуға тырыспа!

Жеңіс менің қолымда (қолымда),

Қуанышпен айтамын мен құтылдым ғой құлдықтан.

Біреуге күлкілі естілсе егерде,

Оған айтарым; сен сүйіп көрмегенсің өмірде.

Заттарың көп үйімде...

Барлығын жоюға маған керек көп уақыт,

Тағы қиналамын ал саған тілеймін мол бақыт!

Жүрегіңде мәңгілікке қалады есімім,

Біз бірге емеспіз енді, бұл сенің шешімің.

Қош енді, жаным менің, жіберші өтінем!

Екі жанарым суық, бірақ іштей күйем.

Жүрегіңде мәңгілікке қалады есімім,

Біз бірге емеспіз енді, бұл сенің шешімің.

Қош енді, жаным менің, жіберші өтінем!

Екі жанарым суық, бірақ іштей күйем...