menu-iconlogo
huatong
huatong
--cover-image

ауылым

Жұбаныш Жексенұлыhuatong
🇰🇿🌹♊АIKOSHA♊🌹🇰🇿huatong
بول
ریکارڈنگز
Ауылда өстім, шаңына аунап еркелеп,

Ұядан ұштым, қатайды қанат ертерек.

Асығып алда бақытым күтіп тұрғандай,

Армандар асқақ, қиялдар қилы жетелеп

Қаланың мынау тамаша сайран-сауығы-

Жолдарын жауған нөсерлі жылы жауыны.

Бәрі де-ғажап,

Сағынған кезде бірақ та,

Аңсадым ауыл, іздедім сені ауылым.

Қайырмасы:

Ауылым, аңсадым аппақ таңынды,

Тұнық кешіңді,алма бағыңды.

Өзіңе барып қуып сағымды,

Іздеймін бала, балғын шағымды.

Қайырмасы:

Достармен бірге саялап саябақтарын,

Шаттыққа толы өткізіп қызық шақтарды.

Жадырап, жайнап өтсе де жарқын күндерім,

Ауылды аңсап жаныма сая таппадым.

Қайырмасы:

Көңілде тұрған жауап жоқ сансыз сұраққа,

Өзіңді іздеп кеттім ауылдан жыраққа.

Ғашық болсам да қаланың айлы кешіне,

Ауылға туған жетпейді екен бірақ та.

Жұбаныш Жексенұлы کے مزید گانے

تمام دیکھیںlogo