Биыл тағы сирень гүлдеді,
Жұпар аңқып жұмыр көшелер
Бізді тағдыр үйлендірмеді,
Өзге бақта ғұмыр кеше бер
Сен де менің сиренім едің, о, Жами,
Жүрегімде гүлдеп тұратын, о, Жами!
Бағбаның боп үйреніп едім,
Үмітіңді үрлеп тұратын.
Жалын, от боп жанған жанымыз, о, Жами,
Сыңар едік жалғандағы біз, о, Жами,
Күлге айналып кетті қалайша, о, Жами,
Күлгін түсті армандарымыз
Армандарымыз
Келер жыл да сирень гүлдейді…
Сен гүлдейсің басқа жүректе.
Бізді тағдыр үйлендірмейді,
Қайғы салып қасқа жүрекке!
Саған бақыт тілей алмадым, о, Жами,
Басқа жанға қиямын қалай, ой, Жами?!
Сенсіз тыныш түней алмадым,
Бұл жалғанға сыямын қалай
Жалын, от боп жанған жанымыз, о, Жами,
Сыңар едік жалғандағы біз, о, Жами,
Күлге айналып кетті қалайша, о, Жами,
Күлгін түсті армандарымыз
Армандарымыз
Жамиля а-а-а-а
Жалын, от боп жанған жанымыз, о, Жами,
Сыңар едік жалғандағы біз, о, Жами,
Күлге айналып кетті қалайша, о, Жами,
Күлгін түсті армандарымыз
Армандарымыз
Жалын, от боп жанған жанымыз, о, Жами,
Сыңар едік жалғандағы біз, о, Жами,
Күлге айналып кетті қалайша, о, Жами,
Күлгін түсті армандарымыз
Армандарымыз