Алқынғандай талпынғандай боласың
Шарқ ұрғандай бүкіл қазақ даласын
Көкірегіме менің сыймай барасың
Ғашық жүрек қайда апарып соғасың
Көкірегіме менің сыймай барасың
Ғашық жүрек қайда апарып соғасың
Дегбіріңді тауысқандай боласың
Жазың күзге ауысқан дай боласың
Күз жапырақтай қалтырайсың тоңасың
Ғашық жүрек қайда апарып соғасың
Күз жапырақтай қалтырайсың тоңасың
Ғашық жүрек қайда апарып соғасың
Назырқанып тірлігінің бағасын
Келер күннен бір сүйеніш табасың
Бейтаныс бір терезені қағасың
Ғашық жүрек қайда апарып соғасың
Бейтаныс бір терезені қағасың
Ғашық жүрек қайда апарып соғасың
Күздің желі жапырағыңды тоңасың
Сонда да сен бақытыңды табасың
Жете алмайтын арманыңа жет дейсің
Ғашық жүрек қайда апарып соғасың
Жете алмайтын арманыңа жет дейсің
Ғашық жүрек қайда апарып соғасың
Соғасың соғасың