menu-iconlogo
huatong
huatong
avatar

Сен сулу

muraaskarhuatong
៚𝑀𝑢𝑟𝑎﹏✍huatong
Lời Bài Hát
Bản Ghi
1. Жаз күнінде жайнаған

Масатыдай жер сұлу,

Аққу-қаздар тойлаған

Айдын-шалқар көл сұлу.

Өзгеден де ең сұлу

Өмірлік дос, тең сұлу

Өзім сүйіп ұнатқан

Бәрінен де сен сұлу.

2. Нұрын төккен қырмызы

Аспандағы күн сұлу.

Жымың қаққан жұлдызы

Айлы кеште түн сұлу.

Өзгеден де ең сұлу

Өмірлік дос, тең сұлу

Өзім сүйіп ұнатқан

Бәрінен де сен сұлу.

3. Тәрбиелі, тамаша

Бал мінезді жар сұлу.

Таңданарлық қараса,

Талай абзал бар сұлу.

Өзгеден де ең сұлу

Өмірлік дос, тең сұлу

Өзім сүйіп ұнатқан

Бәрінен де сен сұлу.

Өзгеден де ең сұлу

Өмірлік дос, тең сұлу

Өзім сүйіп ұнатқан

Бәрінен де сен сұлу.

Nhiều Hơn Từ muraaskar

Xem tất cảlogo