menu-iconlogo
huatong
huatong
avatar

Қоштасудың қиын-ай

торегали тореали/молдир ауелбековаhuatong
✯🃏𝑺𝑨𝑴𝑨𝑻🇰🇿✯.huatong
Lời Bài Hát
Bản Ghi
Қайран күндер кешегі

Сайран күндер кешегі

Көрген түстей көңілден

Қалайша өшеді?

Бақытыма балаған

Жырға лайық санаған

Жан серігім жалғанда

Сен едің қалаған

Қия алмадым, қимадым

Қинадың-ау, қинадың

Гүл орнына қайтейін

Саған мен мұң сыйладым

Қарай бердің қиыла-ай

Қоштасудың қиыны-ай

Қиыны-ай, қиыны-ай!

Қарай бердің қиыла-ай

Қоштасудың қиыны-ай

Қиыны-ай, қиыны-ай!

Саған ғана жан сырым

Айтушы едім бал-шырын

Бірге кешкен күндер-ай

Мөп-мөлдір таң шығын

Шығар ма екен бәрі естен

Шыдамымның шамы өшкен

Жылап жатыр жүрегім

Нәп-нәзік нәрестем

Қия алмадым, қимадым

Қинадың-ау, қинадың

Гүл орнына қайтейін

Саған мен мұң сыйладым

Қарай бердің қиыла-ай

Қоштасудың қиыны-ай

Қиыны-ай, қиыны-ай!

Қарай бердің қиыла-ай

Қоштасудың қиыны-ай

Қиыны-ай, қиыны-ай!

Ұя салған таңдайға

Біз айтатын ән қайда?

Амал бар ма тағдырға

Жазылған маңдайға

Ақ тілеулі арманға

Сенен асқан жан бар ма?

Жаралайды жанымды

Көзден жас тамғанда

Қия алмадым, қимадым

Қинадың-ау, қинадың

Гүл орнына қайтейін

Саған мен мұң сыйладым

Қарай бердің қиыла-ай

Қоштасудың қиыны-ай

Қиыны-ай, қиыны-ай!

Қарай бердің қиыла-ай

Қоштасудың қиыны-ай

Қиыны-ай, қиыны-ай!

Nhiều Hơn Từ торегали тореали/молдир ауелбекова

Xem tất cảlogo