Армысың Ата-Әже, Қариялар
Елімнің шежіресі, дариялар
Армысың, Аға-жеңгей, белестерім
Ақылшым, маған берер кеңестерің.
Армысың, Құрбы ай-Құрдас, Жолдастарым,
Өзімнің бірге ойнаған Құрдастарым.
Осындай достарымның тойлаарында-ей
Өзімше осылай бір ән бастадым.
Атасы жақсы қандай-ды ау
Перзент қамын ойлайды
Перзентім адам болсын деп
Қылығына тоймайды.
Анасы жақсы қандай-ды ау
Қамқорлығы таудай-ды
Қалқам деп шықса алдыңнан
Кеудеңде қайғы қалмайды оу
Ағасы жақсы қандай-дыы ай
Алдыңда асқар таудай-ды ай.
Сүйінгенде сүйініш, құлағанда қолдайды
Інісі жақсы қандай-ды оу
Айтқан бір тілді алғай-ды
Ақылменен іс істеп
Бетіңе күйе салмайды оу.
Қарындас деген мейман дос
Сірә да қапы қалмайды,
Қиын іс түссе басыңа
Туысқан қамын ойлайды оу.
Жеңгесі жақсы қандай-ды ай
Шаршап бір келсең жұмыстан
Төсегін қалың салғай-ды ай
Келіп тұрса ашуың
Айналайын Мырзаш деп
Басыңнан сипап алдайды оу.
Ағайын жақсы қандай-ды оу
Туысқандығы қалмайды
Жездесі жақсы қандай-ды
Әкеден кемі болмайды оу.
Нағашы жақсы қандай-ды оу
Үзілген жерде жалғайды
Жиені жақсы қандай-ды
Бөліп бір жеген нандай-ды оу
Осының бәрі бар болса,
Есен де аман сау болса
Айналайын, жақсылар
Бақ-дәәулет келіп басыңа
Өзі оралып қонбай ма?
Игигигай игигигай игигигай игигигай ооу
Игигигай игигигай игигигаай .. игигигай ооу