menu-iconlogo
huatong
huatong
avatar

Qarakesek & Merba - Саған

[TME_24]huatong
VikeshPoojaryhuatong
歌词
作品
Кеткен нәрсе енді жоқ,

Қайғы оны қайтармайд, стоп!

Жылдар арамызды бөлді, жылдам

Сен және мен ойлағаннан да, жаным.

Соңғы сөзіңді түсіне алмадым,

Шын айтамын, түсінбегесін күрсіне алмаған шығармын.

Мен сүйетін адамды сенен таба алмадым,

Кешір, қалағаныңды қаламадым.

Деме "бағаламадың", жоқ, бағаладым,

Біз жайлы тағы не дейд жұлдыз жорамалың,

Айтшы оған – оттай бермесін деп,

Бір ғана Жаратқан бар, барлығын Сол білед.

Барлығы Соған мәлім, ал айтшы біздер кімбіз?

Біз – сондай жаратылыс, өзімізге түсініксіз.

Расында, Ол бұйыртқан әрбір дем қымбат,

Шүкір айта біл, иманнан сынба.

Сені сағынып өткен күндерге өкпелімін,

Жылдарыммен алданып кеткен пендемін.

Ішімнен тынып жүрегімді емдермін,

Жарығым Күндей, өзіңдей жан кем де кем.

Тіпті айтатын сөз қалмады арада, сен білесің,

Тағыда шылым шегуді бастадым сен кеткелі.

Өмір қас-қағым сәт, сондықтан жоғалтқым келмейді,

Өзім жазған өлең тек өзімді ғана тербейді.

Түсін, сен кеткелі жоғалды менде бақыт,

Сағынумен батады кеш, сағынумен таң атып.

Мен жасырмайм, әлі күнге дейін жүректе барсың,

Сен маған соншалық қажетсің, жұтқан ауасың.

Бұл дертімнің дауасын таппайды ешкім білемін,

Амалсыздан ғана, амалсыздан өмір сүремін.

Бәлкім, сенде дәл осындай күйде жүрген шығарсың,

Бәлкім, өзгенің жанында, "Жоқ, мүмкін емес"

Олда мені сүйген тез ұмыта қоймас деп кейде,

Өз-өзімді жұбатамын, қайтем енді, шын сүйдім.

Шын сүйдім көзіңе алғашқы рет қараған кезде,

Махаббат дерті бойымда бірден тарады лезде.

Ия мен дәл қазір маспын, күйінгеннен ішемін,

Қалай емдеуінде білмеймін жараны іштегі.

«Қош бол» деген сөзбен жоғарыдан тастағандайсың,

Жалған бейнеңді көрдім, көрсетші, басқа қандайсың?

Сендірші мені, өкпелетші мені, өтінемін,

Ия менде қателестім, ия менде өкінемін.

Бірақ сонда да жүрегім жібергісі келмейді,

Рақмет саған көп-көп, енді мен адамға сенбеймін.

Енді менде жайбарақат қараймын махаббатқа,

Сүйем деп тұрып, өзгемен жүру – не, махаббат па?!

Әттең, сен сезбейсің сезгенде өйтпес едің,

Шынымен сүйсең, тез арада, кетпес едің.

Тасташ жарайд басқасын ақ табармын, солай шештім,

Жаралы жүректің мұңын түсінбейді ешкім.

Мен-ақ қиналып атқызайын таңды оңашада,

Жазған өлеңім сендегі өткенге жол аша ма?

Бір сәтке болсада, көргім келеді сол бейнеңді,

Бір сәтке болсада, сезінгім келеді сол кезді.

Ауыр сөздер айтпадым, көңіліңе тиер дедім,

Қараш, мен өзгермедім, сол баяғы Мейірбегің.

Қолда сенің суретің, темекі, түтін бөлме,

Адамзат құрып кетседе, тек сен өзгере көрме.

Саған бұл соңғы хатым, енді менен күтпе,

Мен сені сүйемін, осы жерден нүкте.

Неге адамдар ұмытады уәдесін,

Неге, жүрегімде әлі бір есім.

Неге, көкке ұшады біздің армандар,

Осы сұрақты қоямын оңашада қалғанда.

Өтінем қайтаршы маған бір сәтке,

Сол кез алғаш кездескен көктемге.

Қанша тырыссаңда қайтару қиын, Өткенді...

Сені сағынып өткен күндерге өкпелімін,

Жылдарыммен алданып кеткен пендемін.

Ішімнен тынып жүрегімді емдермін,

Жарығым Күндей, өзіңдей жан кем де кем.

更多[TME_24]热歌

查看全部logo