Барады ауылым көшіп, қызыл жарға
Таң атар шолпан туып, сызылғандай
Көзіңнің мөлдірін – ай
Осы әнге қоңырлатып, сала берем
Көңілім сені ойлап, Бұзылғандай
Көзіңнің мөлдірін – ай
Құландай Жүйрік майда жал – ай
Бар мекен біздей ынтызарай
Ішінде топ қарағай уәделескен
Көзіңнің мөлдірін – ай
Не қалды қарайғандай, қамыс қалды
Ауылы қалқатайдың, алыс қалды - оууу
Көзіңнің мөлдірін – ай
Ауылыңа алыс қалған, қарай – қарай
Қайрылып қаршығадай, мойның талды ай
Көзіңнің мөлдірін – ай
Құландай жүйрік майда жал – ай
Бар мекен біздей ынтызарай
Ішінде топ қарағай уәделескен
Көзіңнің мөлдірін – ай
Ұшады аққу көлден, қайрандаған
Дариға өткен өмір, айналмаған
Көзіңнің мөлдірін – ай –
Ауылда алыс қалған, қимас қалқам
Жүзіңді сағындым ғой , жайраңдаған
Көзіңнің мөлдірін – ай
Құландай жүйрік майда жал – ай
Бар мекен біздей ынтызарай
Ішінде топ қарағай уәделескен
Көзіңнің мөлдірін – ай
Құландай жүйрік майда жал – ай
Бар мекен біздей ынтызарай
Ішінде топ қарағай уәделескен
Көзіңнің мөлдірін – ай
Ішінде топ қарағай уәделескен
Көзіңнің мөлдірін – ай