menu-iconlogo
huatong
huatong
avatar

Дым

Қаракесек/Qarakesekhuatong
𝄟⃝🇰🇿🇲​🇦​🇰​🇸​〲ᴹᵃᶠⁱᵃ࿐𝄟huatong
歌词
作品
Qarakesek²⁰²¹ – Дым Минус

Ұмыттым дегенде, неге, өзіңді қайта әкелдің,

Аттасаң да ақ сағаны, аппақ келін?

Өзіңді ұстай алмай қалдың ба, бүлінсе де амал дәптерің,

Әйтеуір көбейіп кетпесін айтатын «әттеңің».

Қ-сы:

Ұмытып қалғандай, тас жүрек болғандай,

Есіме алмаппын дым болмағандай.

Дым болмағандай, дым қалмағандай,

Өртеніп кетті бәрі.

Өз-өзіңнен сұрашы, кімдікісің,

Маған қарама, басқа кісінікісің.

Талай уақыттарды жоғалтып не бітірдің,

Тағы қанша уақыт керек түсіну үшін?

Түсінбедің ба дым жас шағыңда,

Дерт ұсынғаннан басқа жас жаныңа?

Түсінбедің ба, уақыттың өтуі қас қағымда,

Көзіңді ашып, жұм, Әзірейіл бас жағыңда.

Рас, бәрі жоғалады, уақыт бәрін тонап алды,

Бара жатыр мәресіне қарай жер домалап.

Аз ғана қалды, қалды шамалы-ақ,

Ертең қараңғы бөлмелерге қамаламыз.

Жаныңдағы жақын жандарды бағалаңыз,

Олармен бақыт бағын бірге аралаңыз.

Ал бізге келсек,

Біз басқа жандар үшін жаралғанбыз.

Қ-сы:

Ұмытып қалғандай, тас жүрек болғандай,

Есіме алмаппын дым болмағандай.

Дым болмағандай, дым қалмағандай,

Өртеніп кетті бәрі.

Дым болмағандай, дым қалмағандай,

Өртеніп кетті бәрі.

更多Қаракесек/Qarakesek热歌

查看全部logo