menu-iconlogo
huatong
huatong
avatar

Лебіз

МузАртhuatong
🄼ᴱᴹᴼʳⁱᵉˢ_𝙺𝚊𝚙𝚝𝚎𝚢𝚗'𝚜⚡huatong
歌词
作品
Сенсіз өмірді мүлде ойлай да алмаймын,

Жүрегімнің, әні сен едің

Сенсіз, жаным, жабырқап қалған жандаймын,

Тыным бермей қойды неге мұң?

Жапырақтар түсіп жатыр жауып жер бетін,

Үмітімдей кейде үзілген

Көз алдымнан кетпей қойды сенің келбетің,

Бақытымды көрдім жүзіңнен.

Сенсің күнім, сенсің таң нұрым,

Сенсің бағым, сенсің бар мұңым.

Ай да, күн де өтті көңілсіз,

Сені аңсап асау тағдырым.

Айлар асып, жылдар өтті қағып қанатын,

Алыстады неге арамыз?

Тылсым күш жоқ мені саған алып баратын,

Енді біздер арман ғанамыз.

Аққу қаздар көл бетінде қалқып барады,

Сағыныштың салып өрнегін.

Жұмбақ сезім мен өзіне тартып барады,

Лебізіңе жаным, шөлдедім.

Сенсің күнім, сенсің таң нұрым,

Сенсің бағым, сенсің бар мұңым.

Ай да, күн де өтті көңілсіз,

Сені аңсап асау тағдырым.

Айлар асып, жылдар өтті қағып қанатын,

Алыстады неге арамыз?

Тылсым күш жоқ мені саған алып баратын,

Енді біздер

Енді біздер арман ғанамыз.

Сенсің күнім, сенсің таң нұрым,

Сенсің бағым, сенсің бар мұңым.

Ай да, күн де өтті көңілсіз,

Сені аңсап асау тағдырым.

Сені аңсап асау тағдырым.

~ КаптейнСтар ~

更多МузАрт热歌

查看全部logo