menu-iconlogo
huatong
huatong
avatar

Досым

Жандос Қаржаубайhuatong
៚𝑀𝑢𝑟𝑎﹏✍huatong
歌词
作品
Досым мен бүгін ойладым анам жайлы

Анам әлі де мен үшін алаңдайды

Күнде ол мені іздейді таба алмайды

Досым ай досым

Досым мен бүгін ойладым әкем жайлы

Әкем ауылда шөп шауып малын жайды

Ауылдың адамы қалаға бағынбайды

Досым ай ей

Тай мініп жаздай қуған арман

Мектепте күзде шулап алған

Шанамен қыста суға барған

Сол бір кездер ай

Ешкімнің көрмей қиянатын

Жүрекпен ғана сүйе алатын

Сүйемін деуге ұялатын

Мөлдір көздер ай

Досым баяғы арулар ауылдама

Бірге жүргенбіз дауылда жауында да

Әлде біреуі әлі де жаныңдама

Досым ай

Досым мен бүгін сағындым өздеріңді

Шағын көшеде шалқыған кездерімді

Біздің де үй жаққа салыңдар көздеріңді

Досым

Тай мініп жаздай қуған арман

Мектепте күзде шулап алған

Шанамен қыста суға барған

Сол бір кездер ай

Ешкімнің көрмей қиянатын

Жүрекпен ғана сүйе алатын

Сүйемін деуге ұялатын

Мөлдір көздер ай

更多Жандос Қаржаубай热歌

查看全部logo