menu-iconlogo
huatong
huatong
avatar

Майлықожаның термесі

Жазира Байырбековаhuatong
🇰🇿Kausar013🇰🇿huatong
歌词
作品
Армысың ата-әже, қариялар

Елімнің шежіресі, дариялар

Армысың, аға-жеңгей, белестерім

Ақылшым, маған берген кеңестерің.

Армысың, құрбы-құрдас, жолдастарым,

Өзімнің бірге ойнаған құрдастарым.

Осындай достарымның тойларында-ей

Өзімше осылай бір ән бастадым.

Атасы жақсы қандай-ды

Перзент қамын ойлайды

Перзентім адам болсын деп

Қылығына тоймайды.

Анасы жақсы қандай-ды

Қамқорлығы таудай-ды

Қалқам деп шықса алдыңнан

Кеудеңде қайғы қалмайды.

Ағасы жақсы қандай-ды

Алдыңда асқар таудай-ды.

Сүйінгенде сүйініш, құлағанда қолдайды

Інісі жақсы қандай-ды

Айтқан бір тілді алғай-ды

Ақылменен іс істеп

Бетіңе күйе салмайды.

Қарындас деген мейман дос

Сірә да қапы қалмайды,

Қиын іс түссе басыңа

Туысқан қамын ойлайды.

Жеңгесі жақсы қандай-ды

Шаршап бір келсең жұмыстан

Төсегің қамын салғай-ды

Келіп тұрса ашуың

Айналайын мырзаш деп

Басыңнан сипап алдайды.

Ағайын жақсы қандай-ды

Туысқандығы қалмайды

Жездесі жақсы қандай-ды

Әкеден кемі болмайды.

Нағашы жақсы қандай-ды

Үзілген жерді жалғайды.

Жиені жақсы қандай-ды

Бөліп бір жеген нандай-ды

Осының бәрі бар болса,

Есен де аман сау болса

Айналайын, жақсылар

Бақ-дәулет келіп басыңа

Өзі оралып қонбай ма?

Иигигигай игигиай

Иигиигиай игигигай ооуу

更多Жазира Байырбекова热歌

查看全部logo