menu-iconlogo
huatong
huatong
avatar

Qarakesek - Ұмытылған сөздер

[TME_24]huatong
62170454398huatong
歌詞
作品
Күндер құс секілді, өмір түс секілді өтуде,

Тірі болсақ, алда небір жағдайлар күтуде.

Бағынбай кетіппіз Тәңір қойған үкімге,

Өзгерткен пендені – өзгерген үкімет.

Аспаныма алақанды жаймағалы біраз болды,

Негізі аспанымнан сұрап аларым біраз ғой.

Ұмытып кете берем өмірдің сынақ екенін,

Есіме түскен сайын дейм өзіме "Шыдап өтемін."

Өмір – ойын болса, онда мен ойнай берем,

Мына жақ – жалған деген сайын, ол жақты ойлай берем.

Көргім келед әлемді, жаратқан Жаратушымды,

Мені қорғайтын періште болса, қанаты сынды.

Жүрек бірқалыппен соғудан қалып барад,

Уақыт өмірге әкеліп, өлімге алып барад.

Қара жерге қамалатын күндер өте жақын,

Анамды ойлайыншы, Тәңірім, көрде жатып.

Қ-сы: Ұмытылған сөздер,

Ұмытылған көздер.

Тұман басып көзімнің алдын

Бағытымды жоғалтып алдым.

Ұмытылған сөздер,

Ұмытылған көздер.

Тұман басып көзімнің алдын

Бағытымды жоғалтып алдым.

Ұйқы жоқ, түнгі сағат екі,

Жатыр қарны ашып бір жетімнің.

Кейде сынақтың өзі, ауыр, әділетсіз,

Тағдырдың өзі жасайды әлсізге әлімжеттік. (с*ка!)

Дәл қазіргі xәлімді ешкім ұға алмайд,

Адамға айналдым ойға кіріп қалған шыға алмай.

Көз алдыма өтіп кеткен жылдар, айларым келд,

Үзілген үміттерді қайта жалғап байлағым келд.

Уақыт барад асығып, өткен шақты жасырып,

Бала күнге оралам ойдың ішіне жасырын.

Бәрі есімде, әке, ештеңе ұмытпадым,

Бұзып өтіп кеттім өткен шақтың құлыптарын.

Әкетайым-ау, өкпелемеші ұлыңа,

Жүрген жанмын жалғанда Жәннатыңды армандап.

Әкетайым-ау, өкпелемеші ұлыңа,

Жүрген жанмын жалғанда Жәннатыңды армандап.

Қ-сы: Ұмытылған сөздер,

Ұмытылған көздер.

Тұман басып көзімнің алдын

Бағытымды жоғалтып алдым...

更多[TME_24]熱歌

查看全部logo