menu-iconlogo
huatong
huatong
avatar

Өкінбе сен! (Жұбаныш Жексенұлы)

🇰🇿kausar013🇰🇿huatong
🇰🇿Kausar013🇰🇿huatong
歌詞
作品
Күнсіз болмас дүние, түнсіз болмас,

Түнсіз болмас дүние, күнсіз болмас,

Ғашықтық қуаныш боп сезілгенмен,

Махаббат ешқашанда мұңсыз болмас.

Тірліктің талай гүлі солғанменен,

Тағдырдың талай мұңы болғанменен,

Өмірге келгеніңе өкінбе сен!

Бар қызығын өмірдің ала алмассың,

Қуаныш боп мәңгілік жаралмассың,

Жарқырап айлы түнде жұлдыздардай

Бәлкім, сен бақытым боп жана алмассың.

Тірліктің талай гүлі солғанменен,

Тағдырдың талай мұңы болғанменен,

Өмірге келгеніңе өкінбе сен!

Өкінбе сен!

更多🇰🇿kausar013🇰🇿熱歌

查看全部logo