menu-iconlogo
huatong
huatong
avatar

Қаздар қайтқанда

Айгүл Қосанова/Ақылбек Жеменейhuatong
🇰🇿Kausar013🇰🇿huatong
歌詞
作品
Көк жүзінде барады қаздар қайтып,

Күндер солай өтеді шалқып, шалқып.

Сағыныш қой,

Сағыныш қой,

Сарала жапырақтар

Жақсылықтың жолында Жатқан балқып.

Сағыныш қой,

Сағыныш қой,

Сарала жапырақтар

Жақсылықтың жолында Жатқан балқып.

Ақ қайыңдар, қалады дір-дір етіп

Жанымызды бір кезде күлдіретін.

Жазғы бақта,

Жазғы бақта

Саулайды жапырақтар

Өз өмірін соңғы рет Бір жыр етіп.

Жазғы бақта,

Жазғы бақта

Саулайды жапырақтар

Өз өмірін соңғы рет Бір жыр етіп.

Жайнап тұрған кешегі күн ескіріп,

Қара суық хабары тұр естіліп.

Қаздар ұшып,

Қаздар ұшып

Барады оралмайтын

Қанатына Көктемді ілестіріп

Қаздар ұшып,

Қаздар ұшып

Барады оралмайтын

Қанатына Көктемді ілестіріп

更多Айгүл Қосанова/Ақылбек Жеменей熱歌

查看全部logo