menu-iconlogo
logo

Көздеріңе Ғашықпын (Gift For You)

logo
avatar
Élenalogo
Ерқобыланlogo
前往APP內演唱
歌詞
Жұмып кейде жанарымды нұр сіңген

Сырласқанда арман атты тылсыммен

Ту сыртымнан үп еткенде самал жел

Елеңдеймін сен шығар деп күрсінген

Ту сыртымнан үп еткенде самал жел

Елеңдеймін сен шығар деп күрсінген

...

Ғашық жанның басындағы хал бөлек

Ғашық жанды әлдилейтін ән керек

Жаңбыр жауса тырсылынан оянам

Іздеп келіп есік қаққан сен бе деп

Жаңбыр жауса тырсылынан оянам

Іздеп келіп есік қаққан сен бе деп

...

Қашан болсын қайғы көрмей жүр аман

Мен тағдырдан басқа тілек сұраман

Күн астында күмбірлесе күміс су

Сенің күлкің естілгендей куанам

Күн астында сыңғырласа күміс су

Сенің күлкің естілгендей куанам

...

Өмір деген өте шығар өткінші

Аз ғұмырда көп қуанып көп күлші

Маған ұқсап аспандағы Ай мен Күн

Көздеріңе ғашық болып өтсінші

Маған ұқсап аспандағы Ай мен Күн

Көздеріңе ғашық болып өтсінші

Маған ұқсап аспандағы Ай мен Күн

Көздеріңе ғашық болып өтсінші

Көздеріңе Ғашықпын (Gift For You) Élena - 歌詞和翻唱