menu-iconlogo
huatong
huatong
avatar

Туған үйім Ереке Арыс

Қажымұрат Шешенқұлұлыhuatong
100021702559huatong
歌詞
作品
Жерге шөккен көне үйім жалпайып,

Шарбағы да тұрушы еді шалқайып.

Ана жерде көне сандық тұратын

Ана жерде əкем жатқан жантайып.

Шоққа көмген нан тұратын табада,

Үзіп алып жүгіруші ек далаға.

Кешке қарай мал оралып өрістен

Қиқу салып кіргізуші едік қораға.

Кешке қарай мал оралып өрістен

Қиқу салып кіргізуші едік қораға.

Ақ самаурын бұрқ-бұрқ етіп қайнайтын,

Тəтті, кəмпит күнде бізде болмайтын.

Күрең шайы, ыстық наны, қантымен

Анамыздың дастарханы жайнайтын.

Қайғы-мұңсыз, шаттығымның мекені,

Сезбеппіз-ау ғайып болып кетерін.

Бауырлармен өткізген əр сағатым

Күлкі үйдің берекесі екенін.

Бауырлармен өткізген əр сағатым

Күлкі үйдің берекесі екенін.

Музыка

Бауырлармен келіспей қап шүйіле,

Анам бізге ұрысатын күйіне.

Кетерсіңдер, тарап-тарап жан-жаққа

Мəңгі бақи жүрмейсіңдер бұл үйде.

Кең сарайым, үйім де бар, іші аппақ,

Туған үйім қалып кетті жырақтап.

Кəріліктің соңғы күні шіркін-ай

Ұйықтап кетсем босағасын құшақтап......

Кəріліктің соңғы күні шіркін-ай

Ұйықтап кетсем босағасын құшақтап......

Кəріліктің соңғы күні шіркін-ай

Ұйықтап кетсем босағасын құшақтап.....

更多Қажымұрат Шешенқұлұлы熱歌

查看全部logo