menu-iconlogo
huatong
huatong
avatar

Дарига ай

МузАртhuatong
✯🃏𝑩𝑬𝑲𝑨_𝑨𝑲𝑻𝑶𝑩𝑬🇰🇿✯huatong
歌詞
作品
Құлпырған кезің сыр тұңған көзің

Сұлусың неткен Дариға-ай

Балқыған сезім балауса өзің

Гүлімсің көктем Дариға-ай

Жамалын таңдай жанарың талмай

Қарадым ұзақ Дариға-ай

Жаныңнан шалғай амалым қалмай

Барамын ұзап Дариға-ай

[Қайырмасы]

Ай мүсін еркем ләйлісің көркем

Бұрымын қандай Дариға-ай

Жанымның дерті едің жүректің өрті едің

Қылығың балдай Дариға-ай

Бұлаңдап өскен көкейді тескен

Сағынған арман Дариға-ай

Самал жел ескен сонау бір кештен

Жадымда қалған Дариға-ай

Сыңғырлап шолпын күнді ұрлап көркін

Майысып келсем Дариға-ай

Көңілде толқын қолыңнан солпын

Шай ішіп көрсем Дариға-ай

[Қайырмасы]

Ай мүсін еркем ләйлісің көркем

Бұрымын қандай Дариға-ай

Жанымның дерті едің жүректің өрті едің

Қылығың балдай Дариға-ай

Бұралып белің сыланып керін

Керіліп тұрса Дариға-ай

Көңілде сенің төріңде сенің

Серіліп құрсам Дариға-ай

[Қайырмасы]

Ай мүсін еркем ләйлісің көркем

Бұрымын қандай Дариға-ай

Жанымның дерті едің жүректің өрті едің

Қылығың балдай Дариға-ай

Жанымның дерті едің жүректің өрті едің

Қылығың балдай Дариға-ай

更多МузАрт熱歌

查看全部logo

猜你喜歡