Құндыз қара қиғаш қас-оу,
Қияқтанып
Туған айдай жаңарған-оу,
Сыяқтанып-ай.
Отырғаның керіліп-оу,
Қарай бердім,
Бір ауыз сөз айталмай-ау,
Қара басып-ай.
Ахау қызғұш, көңіл бұзғыш,
Қайда кеткен япырм-ай?
Қымыз құйғыш-ай.
Ахау қызғұш, көңіл бұзғыш,
Қайда кеткен япырм-ай?
Қымыз құйғыш-ай.
Аты ғажап ақ дидар-оу,
Нұрын шашып,
Өзгелерден сымбатың-ой,
Тұрады асып-ай
Көңілім толып көркіңе-оу,
Қарай бердім
Бір ауыз сөз айталмай-оу,
Қара басып-ай.
Ахау қызғүш, көңіл бұзғыш,
Қайда кеткен япырм-ай?
Қымыз құйғыш-ай.
Ахау қызғұш, көңіл бұзғыш,
Қайда кеткен япырм-ай?
Қымыз құйғыш-ай.
Ахау қызғұш, көңіл бұзғыш,
Қайда кеткен япырм-ай?
Қымыз құйғыш-ай.