menu-iconlogo
huatong
huatong
avatar

Көк бөрі

Елбол Қуанбекhuatong
olesheldonhuatong
Lyrics
Recordings
Күйін кештім мен бүгін

Көкбөрілердің жаралы

Адым сайын аңдыған

Қақпаннан сирақ қанады

Арландарым атылып

Бөртелер кезді даланы

Айналамның барлығы

Шибөрі болып барады

Тексіз иттің күшігі

Қойдай боп жүннен қырқылды

Бөрібасар дегендер

Сырғалы болып құртылды

Бөлтірігім сақ болшы

Заман келсе де мың түрлі

Сыпырғанмен терімді

Сыпырмас ешкім рухымды

Өңкей зұлым-зымиян

Қара орманның қақпасы

Қара жерде шыңғыртар

Жонынан тілген таспасы

Тұлпар етпес есекті

Маңдайға жаққан қасқасы

Сандуғаштай сайрады

Абадандардан басқасы

Өзекті өртеп барады

Құлаққа жеткен мұңы үйдің

Өткеніме қарасам

Көкжалдарды ойлап жылимын

Жер бетінен өр болып

Тістесіп қана құримын

Оянар деп тағылар

Орманға қарап ұлимын

More From Елбол Қуанбек

See alllogo