Шежірең бар таусылмайтын сан қилы,
Алқабыңда дән-дария шалқиды.
Тербетіліп толқынында ғашықтар,
Ән самалы көк күмбездей қалқиды.
Ақ Жайығым,айдай ару мекенім,
Жыл құсындай сағынышпен жетемін.
Туған жердің ажары мен айбары,
Жерұйығым,сені мақтан етемін.
Ақ Жайығым,байтағым боп барасың.
Ақ Жайығым,жүрегімде дарасың.
Сылдыр қағып,сыбырласып,сырласып,
Еркелене,бұралаңдап ағасың.
Ақ Жайығым,айдай ару мекенім,
Жыл құсындай сағынышпен жетемін.
Туған жердің ажары мен айбары,
Жерұйығым,сені мақтан етемін.
Ақ Жайығым,өрнектелген сән кестем,
Ақ Жайығым,жота-жота дән дестем.
Жағаңа кеп бар дауыспен шырқайын,
Өзіңе арнап кетпейтіндей әнді естен.
Ақ Жайығым,айдай ару мекенім,
Жыл құсындай сағынышпен жетемін.
Туған жердің ажары мен айбары,
Жерұйығым,сені мақтан етемін.
Жерұйығым, сені мақтан етемін
Жерұйығым, сені мақтан етемін