Жасырайын, саған деген сезімімді жасырайын,
Өзге жандар білмесін, асыл айым,
Қызығып көз тимесін, жасырайын.
Жасырайын, саған деген сезімімді жасырайын,
Өзге жандар білмесін, асыл айым,
Қызығып көз тимесін, жасырайын.
ҒАШЫҒЫМ
Көзімдегі мөлдір жалғыз қарашығым.
Өзгенің көзінен болшы тек жасырын.
Сенің ішкі сырыңды мен-ақ білейін.
Асылым,
Көзімдегі мөлдір жалғыз қарашығым,
Өзгенің көзінен болшы тек жасырын.
Сенің ішкі сырыңды мен-ақ білейін.
АСЫЛЫМ.
Бір адамдар, ғашықпын деп айқалайды,
Сезімдерін мақтанышпен баяндайды
Сынақ түссе ажырасып бірін-бірі табалайды,
НЕГЕ?
Бір адамдар, ғашықтарды бақылайды
Күндіз-түні өмірлерін талқылайды,
Шын мәнінде жанындағы өз бақытын байқамайды.
ҒАШЫҒЫМ
Көзімдегі мөлдір жалғыз қарашығым.
Өзгенің көзінен болшы тек жасырын.
Сенің ішкі сырыңды мен-ақ білейін.
Асылым,
Көзімдегі мөлдір жалғыз қарашығым,
Өзгенің көзінен болшы тек жасырын.
Сенің ішкі сырыңды мен-ақ білейін.
АСЫЛЫМ.